Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (WTA-1000) беделді турнирдің 4-айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалдық кездесуде әлемнің 4-ракеткасы Рыбакина WTA рейтингінде 72-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен кездесті.

Кездесу 6:3, 6:7, 6:4 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды.

Майамидегі турнир 19-30 наурыз аралығында өтеді. Оның жалпы жүлде қоры 8,9 миллион доллар. Турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылы финалдық кездесуде Елена Рыбакинаны ұтқан чехиялық Петра Квитова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или