Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына жолдама алды

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына жолдама алды

Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан бокстан Альгирдас Шоцикас турнирінің финалында сегіз қазақ боксшысы бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Финалға жолдама алған спортшылар қатарында Асылжан Серікбай (57 келі), Алмат Әбдуәли (60 келі), Жандос Қыдырәлиев (63,5 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Фарух Тоқтасынов (71 келі), Азамат Бектас (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) және Абзал Құттыбеков (86 келі) бар.

Даниял Сәбит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (+92 келі) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или