Қатарда қатардан қалдық. Дохадағы сәтсіздікке не себеп

Қатарда қатардан қалдық. Дохадағы сәтсіздікке не себеп

Қатардың астанасы Дохада өткен бокстан әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы алтын жүлдесіз оралды.

Осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы әлем біріншілігінде төрт бірдей алтынға ие болған қазақстандық боксшылар бұл жолы бір алтынға да шамасы жетпеді. Ұлттық құрамамыздың еншісінде тек 2 күміс медаль бар.  «PROСПОРТ» тілшісі Қазақстан құрамасының Қатардағы бұл сәтсіздігіне не себеп болғанын анықтап көруге тырысқан.

Осыдан екі апта бұрын біздің сайтымызда «Алматыдағы ерлікті боксшыларымыз қайталай алады ма?» деген мақалаға жауап жарияланды. Әрине, Алматыдағы көрсеткішті қайталау – бұл біздің құрама үшін нағыз ерлік болар еді. Бірақ осыдан екі ай бұрын аяқталған Азия чемпионатында жерлестеріміз бес алтын алып, әлем чемпионатынан да осындай нәтиже көрсетеді деген үмітте болғанбыз.  Өкінішке қарай, үмітіміз ақталмады. Неге? Бұған бірнеше себеп бар.

Ең бастысы – бұл төрешілердің сауатсыздығы. Мәселен, Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит өз жекпе-жектерін жеңілді деп айта алмаймыз. Тіпті финалға шыққан Иван Дычко мен Данияр Елеусінов те өз кездесулерін жеңілмеді десек болады. Не дегенменде кінәнің бәрін төрешілерге арту – дұрыс емес.

Тағы бәр мәселе - бұл боксшыларымыздың дайындығы. Олардың бабында болмауы - жаттығу үрдісіне байланысты. Қатарда капитан Данияр Елеусінов қана еркін қимылдап финалға оңай жеткенін байқадық, қалғандарының қозғалысы баяу, түрлері шаршаңқы болып көрінді.

Әлем чемпионаттарынан жүлдесіз оралмайтын Иван Дычко бұл жолы да финалға дейін жетті. Өзінің алғашқы «алтынына» жақын болған Ваня тартысты кездесуде франциялық Тони Йокаға жол берді. Төрешілер жеңісті біздің боксшыға беріп жатса да шешім әділетті болар еді. Бірақ...

Өзге боксшыларымыз өте сәтсіз өнер көрсетті. Қайрат Ералиев ескі қарсыласы өзбекстандық боксшыдан оңбай ұтылды. Бұған қоса Әділбек Ниязымбетов те өзбекстандық боксшыдан айласын асыра алмады. Есесіне Дычко Баходир Джалоловты ұтып, өзара есепті 1:2 қылды. Жалпы Өзбекстан құрамасы үшін бұл әлем біріншілігі жақсы өрбіді. Олар жарыстың қорытындысы бойынша үш күміс және үш қола медаль олжалады. Финалда біраз тәжірибе жетіспеді, әйтпегенде жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ілінер еді.

Зәкір Сафиуллин алғашқы айналымда сүрініп, жарыс жолынан шығып қалды. Үміт артқан Жәнібегіміз (Әлімханұлы) қатарынан екінші ірі жарыста шалынып, жүлдегер атанбады. Жәнібекке биыл не болғанын түсіну қиын, ел біріншілігін әрең ұтқан Әлімханұлы артынша Азия чемпионаты мен Әлем біріншілігінде сүрінді. Олимпиадаға бір жыл уақыт бар – өз бабына келіп, нәтижесін жақсартса екен деп тілейміз.

WSB бокс сериясында жарқыраған Василий Левит бұл жолы украиналық Манукяннан айласын асыра алмады. АИБА-лықтар Васяның «лицензиясы» бар деп жолды украиналық боксшыға бергені ма, бірақ төрешілердің бұл шешімі әділетсіз болғаны анық. Десек те, Вася келер жылы Олимпиада ойындарында жүлделі орынға ілінуі тиіс. Себебі мықтылығын ең алдымен өз-өзіне, кейін халқына дәлелдеу керек.

Жалпы бұл жеңіліс біздің боксшыларымыз үшін сабақ болады деген ойдамыз. Жарысқа екі беделді боксшымыз Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов қатыспады. Қос спортшының да Олимпиада ойындарына жолдамалары бар. Ал енді жолдама жайлы айтатын болсақ, Мырзағали Айтжанов әлем чемпионаты алдында екі алтын мен төрт «лицензияны» мақсат қойған болатын. Екі алтын тұрмақ Ұлттық құрамамыз тек бір «лицензияға» ғана ие болды. Команда капитаны Данияр Елеусінов финалға шығып, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Осылайша, қазіргі таңда бізде тек төрт «лицензия» ғана бар. Біржан Жақыпов (49 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі) және Василий Левитте (91 келі). Ал қалған алты салмақта жолдамамыз жоқ. Алдағы уақытта әлі «лицензиялық» жарыстар бар, сонда Қазақстан құрамасы барлық он салмақта жолдама алуы қажет.

Жарыстың нәтижесі бойынша Мырзағали Айтжанов өз орнын босатуы тиіс деген ұсыныстар көбейіп кетті. Меніңше, Олимпиадаға бір жыл қалғанда мұндай қадамға бару артық. Төрт жылдық дайындықтың қорытындысын тек келер жылы өтетін Олимпиада ойындары көрсетеді. Онда Ермахан Ыбрайымов ағамыз айтқанындай біз кем дегенде екі алтын медаль алуымыз тиіс. Ең бастысы осы бір жыл ішінде Мырзағали Айтжанов дұрыс шешім қабылдап, Ұлттық құраманы РИО-ға сақадай сай дайындайды деген үміттеміз. Амал қанша, бокстан басқа мақтан ететін спорт түріміз бар ма?

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или