Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған испаниялық Кристина Бучамен сәтті өткізді.

Бірінші партияда Путинцева 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде К.Буча қарымта қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Юлия жеңісті жұлып алды – 6:4.

Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың сегізін мүлт жіберген жоқ.

Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или