Элизабет Тұрсынбаева «Skate Canada Autumn Classic» турнирінің чемпионы

Элизабет Тұрсынбаева «Skate Canada Autumn Classic» турнирінің чемпионы

15 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы канаданың Барри қаласында өткен халықаралық «Skate Canada Autumn Classic» турнирінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада екінші орын иеленсе, еркін бағдарламада жеңімпаз атанған. Ал, қос бағдарлама нәтижесі бойынша жалпы саны 179,72 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол өзінің карьерасындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Екінші орынды жапониялық Харуке Имаи (174,89 балл), ал, үшінші орынды америкалық спортшы Энджела Ванг (172,36 балл) иеленді.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаеваны канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или