Иван Дычко: «Алтын» үшін барымды салдым»

Дохада өткен бокстан Әлем чемпионатында күміс медаль алған Иван Дычко өзінің жүлдесіне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қоржынымызда тағы бір күміс медаль, бұл әрине жақсы. Бірақ, мені қуантып отырған жоқ. Дохаға «алтын» үшін келдім, алайда, Тони Йока мүмкіндік берген жоқ, барымды салдым, жаман өнер көрсеттім деп айта алмаймын. Екеуміз тең дәрежеде жұдырықтастық» - дейді Дычко.

Ол Әлем чемпионатына әлсіздердің келмейтінін, яғни француз боксшысының мықты қарсылас екенін де айтты.

«Бұл - Әлем біріншілігі, бұл - финал. Бұл жерде оңай қарсыластың болуы мүмкін емес. Өкінішке қарай, Қазақстан қоржынына алтын медаль сала алмадық. Дұрыс тактика қолданбадым, рингте алға қарай жүгірмеуім керек еді. Қалай болғанда да талдау жасауым керек» - деп сөзін түйді әлемнің күміс жүлдегері Иван Дычко.

Естеріңізге салайық, кеше Дохада аяқталған бокстан Әлем чемпионатын Қазақстан ұлттық құрамасы екі күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 8-ші орында аяқтады. Дычкомен бірге финалдық жекпе-жекте 69 келідегі Данияр Елеусінов те өнер көрсеткен. Ол марокколық Мұхаммед Рабиге жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или