Азербайжандағы турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды
Бокстан Қазақстан құрамасы 23 наурызда Азербайжан астанасы Бакуде басталатын «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚСБ мәліметінше, қазақ боксшылары 11 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұл ретте негізгі құрамда: Теміртас Жүсіпов, Серік Теміржанов, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов және Қамшыбек Қоңқабаев та жүлделі орындарды сарапқа салады.
Қазақстан құрамасының құрамы:
48 келі: Теміртас Жүсіпов
51 келі: Дамир Әбдіқадыр
54 келі: Тимур Қабешов
60 келі: Талғат Сырымбетов
63,5 келі: Серік Теміржанов
67 келі: Бақтияр Смағұлов
71 келі: Дархан Дүйсебай
75 келі: Тимур Нұрсейітов
86 келі: Бекзат Таңатар
92 келі: Сағындық Тоғамбай
+92 келі: Қамшыбек Коңқабаев.
Турнирге барлығы оннан астам елден 100-ден астам боксшы қатысады.