Қысқы

Денис Никиша Қазақстанға тарихи жүлде сыйлады

Денис Никиша Қазақстанға тарихи жүлде сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Денис Никиша Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыста мәре сызығын екінші болып кесті. Алтын Лин Сяоджунның (Қытай) еншісінде кетсе, үздік үштікті Джордан Пьере-Гиллес (Канада) түйіндеді.

Бұл Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Денис былтыр Оңтүстік Кореяда өткен чемпионатта осы қашықтықта жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған. Айта кетейік, әлем чемпионаты ертең аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер