Елеусінов Boxrec рейтингінде төмендеді
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-4-1, 10 КО) ирландиялық Каллум Уолштан (10-0, 8 КО) жеңілгеннен кейін Boxrec.com рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елеусінов пен Уолш Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінде жұдырықтасқан. Ирландиялық боксшы тоғызынша раундта техникалық нокаутпен жеңіп, бірінші орта салмақта WBC Continental Americas титулын еншіледі. Осы жеңілістен кейін Дәурен Елеусінов BoxRec рейтингінде 162-орыннан 192-сатыға түсіп қалды.
Айта кетейік, Каллум Уолш Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлермен жұмыс істейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или