С.Деревянченко: Лемьенің соққысы ауыр екен, бірақ, Головкиннің жеңетініне сенімдімін

С.Деревянченко: Лемьенің соққысы ауыр екен, бірақ, Головкиннің жеңетініне сенімдімін

Канадалық Давид Лемьеге спарринг-серіктес болған украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченко Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жекте қазақстандықтың мысы басым болатынын айтты.

- Лемьенің жаттығу лагері маған қатты ұнады. Давид те, оның командаластары да өте қарапайым, жақсы адамдар екен. Лемьенің соққысы шындығында ауыр екен. Сондықтан жаттығу кезінде үстіме қорғаныс киімдерін киіп алсам да, мейлінше абайлап бокстасуға тырыстым. Себебі, кез келген соққы денсаулыққа зақым келтіруі мүмкін.

- Кім жеңіске жетеді деп ойлайсыз?

- Болжам жасағанды жаным сүймейді, әсіресе, бокста. Дегенмен, Головкиннің жеңісіне 60 пайыз, Лемьеге 40 пайыз беремін.

Бұған дейін украиналық қос боксшы Сергей Деревянченко мен Евгений Хитров Давид Лемьеге спарринг-серіктес болғанын хабарлаған болатынбыз. Лемьенің украиналықтарды таңдап алуының басты себебі – бұл екі боксшы да Головкин сияқты Кеңес мектебінің тәрбиесін алған спортшылар.

Естеріңізге саламыз, Головкин – Лемье жекпе-жегі өтетін уақытқа дейін бас-аяғы 2 жарым тәулік қалды. Бокс кеші 17 қазан күні АҚШ-тың HBO арнасында ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетілсе, қазақстандық бокссүйер қауым отандасымыздың өнерін 18 қазан күні таңғы 7:55-те «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен тегін тамашалай алады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или