AIBA: Биылғы маусымның үздік боксшысы - Хулио Ла Крус

Дохада өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігі аясында AIBA жылдың үздік боксшылары мен бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

AIBA-ның ресми сайтына сүйенсек, биылғы маусымның ең үздік боксшысы болып кубалық былғары қолғап шебері Хулио Ла Крус атанды. Ла Крус қатарынан екі әлем чемпионатында алтын медаль иеленген болатын. Енді міне бүгін үшінші рет әлем чемпионы атануы әбден мүмкін.

AIBA Pro Boxing сериясында ең үздік боксшы атағына қытайлық Лю Бин ие болды. Жерлесіміз Данияр Елеусіновтің бүгінгі қарсыласы мароккандық Мохаммед Рабии WSB сериясында ең үздік атанды.

Жыл бапкері жүлдесін Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или