Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды
Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің төртінші айналымында әлемнің 79-шы ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева мен әлемнің 1-ші ракеткасы польшалық Ига Швентек кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1:6, 2:6 есебімен полшалықтың пайдасына аяқталды.
Жекпе-жек 1 сағат 12 минутқа созылды.
Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі турнир 6-17 наурыз аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 8,9 миллион долларды құрайды.Турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылғы шешуші кездесуде беларусь Арина Соболенканы ұтқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или