М.Чегеевті еске алуға арналған турнир аяқталды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Өскемен қаласында КСРО спорт шебері Марат Чегеевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Жарысқа Қазақстанның өңірлерінен және Ресейден келген 282 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша медаль қорымен ШҚО командасы бірінші, Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары екінші орын алды, ал Алматы облысы балуандары үшінші орынға тұрақтады. Осы турнир барысында командалық кездесулер де өткізілді, оның қорытындысы бойынша ерлер арасында ШҚО спортшылары жеңімпаз атанды, ал Алматы облысы спортшылары күміс медаль алды, ШҚО тағы бір командасы үшінші орынға тұрақтады. Қыздар арасында Алматы облысы бірінші, Алматы қаласы дзюдошылары екінші, ал Оңтүстік Қазақстан облысының дзюдошылары үшінші орынды місе тұтты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или