Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде кездесуден бас тартты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде кездесуден бас тартты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің үшінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші аргентиналық Франсиско Черундолоға қарсы екінші айналымдағы кездесуді аяқтай алмады.

Шевченко екінші сетте 2:6, 1:3 есебімен кездесуден бас тартты.

Индиан-Уэллстегі турнир 6-17 наурыз аралығында өтеді. Ерлер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 8,9 миллион доллар. Турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылы шешуші кездесуде ресейлік Даниил Медведевті ұтқан испаниялық Карлос Алькарас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или