Лицензиялық турнир: Бүгін төртінші боксшымыз қарсыласын шаң қаптырды
Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде шаршы алаңға шыққан боксшыларымыздың барлығы жеңіске жетті.
Атап айтсақ, бүгін соңғы болып рингке көтерілген жерлесіміз Махмұд Сабырхан Италиядағы доданың 1/8 финалына шықты.
Ол аталған турнирдің 1/16 финалында (57 кг) Таиланд боксшысы Саравут Суктхетті 3:2 (29:28, 29:28, 29:28, 28:29, 28:29) есебімен жеңді.
Осылайша бүгін шаршы алаңға шыққан төрт боксшымыздың төртеуі де жеңіске жетіп, келесі айналымдарға жол алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или