Қысқы

Допты хоккейден финалдық турнир: «Ақжайық» екінші ойынында есе жіберді

Допты хоккейден финалдық турнир: «Ақжайық» екінші ойынында есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан бүкілресейлік жарыстың финалдық бәсекесінде Оралдың «Ақжайығы» екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы оралдықтар «Енисей-2» (Красноярск) командасына қарсы келді.

Тартысты өткен бірінші таймда бастапқыда «Енисей-2» 2:0 есебімен алға кеткенімен, Николай Шавалдиннің шәкірттері таразы басын теңестіре алды – 2:2. Бірақ бірте-бірте красноярскілік клубтың басымдылығы байқалды – 6:3.

«Ақжайықтан» әуелі Нұрбол Бөкешов мергендігімен көзге түссе, содан кейін Максим Пахомов екі голдың авторы атанды.

«Енисей-2»-ден Антон Савлюк 3, Матвей Лышко, Максим Иванов, Игорь Середкин бір-бірден гол соқты.

Батысқазақстандық клуб А тобында 3 ұпаймен әзірге үшінші орында тұр. «Ақжайық» ертең «Кузбасс-2» (Кемерово) командасымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер