Головкин – Лемье жекпе-жегіндегі төрешілердің есімдері белгілі болды

17 қазан күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) арасында өтетін жекпе-жекте төрешілік жасайтын мамандардың есімдері белгілі болды.

Жекпе-жектің бас төрешісі 2014 жылы Давид Лемье мен америкалық Гарбриэль Росадо кездесуінде төрелік еткен Стив Уиллис. Қалған үш төреші – Гленн Фелдман, Стив Вайсфельд және Джули Ледерман.

Стив Вайсфельд Головкин мен Вилли Монро арасындағы кездесуде төреші болды.

Естеріңізге саламыз, Головкин – Лемье жекпе-жегі 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Бокс кеші АҚШ-та ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетіледі. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан тамашалай алады.

Бұл кездесудің жеңімпазы пуэрториколық Мигель Коттоға тиесілі орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер болады. Айта кету керек, Котто өзінің чемпиондық белбеуін 21 қараша күні Лас-Вегаста мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы кездесуде қорғайды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или