Гөзал Айнитдинова Қазақстан чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды

Гөзал Айнитдинова Қазақстан чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды

Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында ересектер арасында Қазақстан қысқы чемпионаты мәресіне жетті.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Гөзал Айнитдинова жекелей және жұптық сында үздік шығып, абсолютті чемпион атанды.

Әйелдер арасында финалда тәжірибелі Г.Айнитдинова 16 жасар Альбина Кәкенованы сынап көрді. Бірінші партияда Гөзал 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Альбина есе қайтарды – 7:5. Дегенмен шешуші сетте Айнитдинова айқын басымдылық танытты – 6:1.

Осылайша, Гөзал ел біріншілігінде бесінші рет жеңімпаз болды. Гөзалды да, Альбинаны да Марат Шәріпов баптап келеді.

Жанель Рүстемованы 6:3, 7:6 (7:2) есебімен сүріндірген Сәтима Төреген үшінші орынға көтерілді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или