Қазақстандық теннисші Тенерифедегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тенерифедегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Тенерифеде өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық испан спортшысы Даниэль Агиларды 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Еске салайық, ақпан айының басында Кукушкин Бахрейндегі Челленджер сериясындағы турнирде сенсациялық жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или