Денис Теннің бала кездегі арманы қандай?

Денис Теннің бала кездегі арманы қандай?

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми фан-тобындағы жазылушылардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Денис топтың президенті іріктеп алған ең үздік 10 сұрағына жауап берді. Олардың арасында спортшының жағдайы мен денсаулығына қатысты бірнеше сұрақ бар. Сонымен қатар, жанкүйерлер үйлену тойының қашан болатынын сұраған. Ол сұраққа спортшы жуырда болатынын айтты.

Тен жанкүйерлеріне бала кезде өмірін киноиндустриямен байланыстырғысы келгенін айтты. Бірнеше сценарий де жазған. «Балалық шағымда мәнерлеп сырғанау саласында ұзақ болмайтыныма және біртіндеп режиссерлыққа немесе актерлыққа ауысатыныма сенімді едім», - деді Тен. Сонымен қатар, ол бір кездері мәнерлеп сырғанау туралы ресейлік фильмнің эпизодына түскенін айтты.

Сондай-ақ, Тен бүкіл Қазақстанды аралап шығып, қазақ халқының қалай өмір сүріп жатқанын көргісі келтінін мәлім етті. Мәнерлеп сырғанаушының айтуынша, ол қанша елде болса да, Қазақстаннан артығын көрмепті.

Денис Теннің айтуынша, ол бір кездері Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды үйрететін мектеп немесе академия ашуды армандаған екен. «Ондай ойлар, идеялар бар. Бірақ бірінші кезекте мен спортшымын, мен әзірше өз мансабыма көңіл бөлуім керек», - деді ол. Ол өз мансабын аяқтар кезде Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау саласын дамытумен айналысуы мүмкін екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или