«UFC-де қазақтар көбейіп барады». Нұралы Әліп сүйікті файтерлерін атады

«UFC-де қазақтар көбейіп барады». Нұралы Әліп сүйікті файтерлерін атады

«Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп танымал UFC промоушеніндегі сүйікті файтерлерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

РПЛ футболшысы жеңіліп көрмеген экс-чемпион Хабиб Нурмагомедовты ерекше атап өтіп, оның спорттық философиясы туралы пікір білдірді.

«Шавкат Рахмонов UFC-де. Онда Асу Алмабаев келісімшарт жасасты. Жалпы, UFC-де қазақтар көбейіп барады. Хабибті, Джон Джонсты бақылап жүрдім. Ислам Махачев қазір жақсы өнер көрсетіп жүр.

Хабибтің философиясы, әрине, маған жақын. Ол еңбек етудің маңыздылығы туралы айтқанда. Барлық спортшылардың бір мақсаты бар – жеңіске жету. Ал оңай жеңістер болмайды. Бұл әрқашан үлкен жұмыс», - деді Нұралы Әліп «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или