Бокстан ӘЧ-2015: Жарыс жолында екі боксшымыз ғана қалды

Бокстан ӘЧ-2015: Жарыс жолында екі боксшымыз ғана қалды

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшылары сәтсіз өнер көрсетті. Жарысқа алып барған 8 боксшымыздың жартылай финалға тек екеуі ғана шығып отыр. <o:p></o:p>

Аталған біріншілікте Олимпиада жолдамалары сарапқа салынатынын бұған дейін айтқан болатынбыз. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жарыс басталмастан бұрын кемі 4 жолдаманы алып келеміз деп уәде берген. Алайда ширек финалға шыққан алты боксшының төртеуі осы кезеңде сүрініп, тек Данияр Елеусінов (69 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) жартылай финалға шықты.<o:p></o:p>

Айтжановтың «алтын» алады деп үміттенген боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы болатын. Ол бұған дейін өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы еді. Алайда, өзіне артылған үмітті бұл жолы Жәнібек ақтай алған жоқ. 22 жастағы Әлімханұлы ширек финалда ирландық Майкл О'Рейллиден жеңіліп қалды. Қос боксшы да рингте айқын басымдықпен көзге түскен жоқ, екеуі тең ойын көрсетті. Дегенмен, төрешілер алқасының шешімі осындай болды.<o:p></o:p>

Василий Левиттен де жүлде күткенбіз. Біршама үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған жерлесіміз бұған дейін Олимпиада жолдамасын алып қойған болатын. Бұл жолы тек қанжығасына әлем чемпионатының медалін байлауы керек-тін. Алайда, Левиттің жолын украиндық боксшы Геворг Манукян кесті. Турасын айтсақ, Геворг емес, сол жекпе-жекке төрелік еткен қазылар кесті. Манукянды бұрыштан-бұрышқа қуып, Левиттің сабағанын көрерменнің бәрі көрген. Алайда, төрешілердің көзіне басқаша көрінсе керек, олар бұл кездесудегі жеңісті украин боксшысына ұстатты.<o:p></o:p>

Азия чемпионы Олжас Сәттібаев ширек финалда Қытай боксшысы Цзяньгуан Худан ұтылды. Екеуі Азия біріншілігінің жартылай финалында кездесіп, Олжас ол кезде жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы әлем чемпионатына қытайлық боксшы жоғары дайындықпен келіпті, рингте ол Сәттібаевқа мүлдем мүмкіндік қалдырған жоқ.<o:p></o:p>

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір үмітіміз Әділбек Ниязымбетов болатын. Оның жолын өзбек боксшысы Елшот Расулов кесті. Бұған дейін екеуі төрт жарыста кездесіп, төртеуінде де Әділбек жеңіске жеткен. Алайда, бұл жолы Расулов есе қайтара білді.<o:p></o:p>

Осылайша, әлем біріншілігінің жартылай финалдық кезеңінде тек екі боксшымыз ғана жарысты жалғастырады. Олар - команда капитаны Данияр Елеусінов пен аса ауыр салмақтағы Иван Дычко. Данияр ширек финалда филиппиндік Еумир Феликс Марсиальды жеңсе, Иван неміс Флориан Шульцтен басым түсті.<o:p></o:p>

Айта кетейік, 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары тек бір ғана медальмен елге оралған. Ол кезде 69 келіде өнер көрсеткен Серік Сәпиев жарыстың қола жүлдегері атанған болатын.<o:p></o:p>

Baq.kz сайтынан<o:p></o:p>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или