«Реал» 17 жастағы футболшыға тоғызыншы нөмірді береді

«Реал» 17 жастағы футболшыға тоғызыншы нөмірді береді

2024 жылы жазғы трансферлік терезеде «Реалға» ауысатын бразилиялық «Палмейрастың» 17 жасар шабуылшысы Эндрик «Реал» сапында 9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрын бұл нөмірді команданың бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема пайдаланған.

Өткен маусымда Эндрик барлық турнирлерде 53 матчқа қатысып, 14 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 45 миллион еуроны құрайды, Эндрик испандық клубқа 45 миллион еуроға ауысады.

Қазіргі уақытта Испания Примерасында өткен 25 матчтың қорытындысы бойынша «Реал» 62 ұпаймен біріншілікте көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или