Өзбекстан құрамасында бес қазақ боксшы өнер көрсетеді

Өзбекстан құрамасында бес қазақ боксшы өнер көрсетеді

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев командадағы қазақ боксшылары туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы ол «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
«Бапкерлік мансабым 2009 жылы басталды. Жеке шәкірттерімнен қазір командада тек Баходир Жалолов қалды. Қалғандары кәсіпқой боксқа ауысты.
Бұған дейін Азия чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Муроджон Ахмадалиев бүгінде кәсіпқой бокста жетістіктерге жетіп жүр. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы Санжар Тұрсынов. АҚШ-та он жекпе-жек өткізген Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, қазақ Елнұр Абдураимов. 2017 жылғы Азия чемпионы Исраил Мадримов Өзбекстан атынан абыроймен шықты.

Олардың барлығы Шыршық спорт мектебінде білім алды. Атақты әлем чемпионы Руслан Абдуллаевты да бес жыл бойы жаттықтырдым. Кезінде Русланды маған білікті бапкер Ерғали Әбубәкірұлы алып келді. Ол дарынды боксшы. Русланнан үлкен үміт күтеміз.
Жалпы Өзбекстан чемпионатында Руслан Абдуллаевтан бөлек төрт қазақ жігіті жүлдегерлер қатарынан көрінді. Енді олар ұлттық құрама сапында болып, халықаралық жарыстарда бақ сынайды», - деді Киличев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или