Рыбакинаның Дубайда өтіп жатқан турнирдегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Рыбакинаның Дубайда өтіп жатқан турнирдегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Белорус теннисшісі Виктория Азаренка Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші айналымында Азаренконың қарсыласы Нидерланд теннисшісі Аранча Рус (WTA рейтингінде 43-орын) болды. 1 сағат 20 минутқа созылған кездесу 6:2, 6:4 есебімен әлемнің 27-ракеткасының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Виктория Азаренконың турнирдің екінші айналымындағы қарсыласы әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина болады. Азаренко мен Рыбакина арасындағы кездесу сейсенбі, 20 ақпанға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или