«Қарсылас мықты, бірақ біз лайықты жеңіске жеттік». «Қайрат» АФК бас бапкері - «Аятқа» қарсы ойындар туралы
«Қайрат» АФК өз алаңында рудныйлық «Аятты» 6:1 және 2:0 есебімен екі рет жеңіп, ел чемпионатының турнирлік кестесіндегі көшбасшы орнын нығайтты, деп жазды Prosports.kz.
Алматылық клубтың бас бапкері Марлон Веласко Prosports.kz сайтына осы екі кездесудің нәтижесі туралы пікір білдірді. «Қазақстандағы ең үздік командалардың біріне қарсы екі маңызды жеңіс бізге бірінші орында қалуға, тіпті кестедегі басымдықты арттыруға мүмкіндік берді.
«Қайрат» екі ойында да қарсыласынан басым түсіп, лайықты жеңіске жетті деп ойлаймын.
Екінші кездесуде біз бірінші таймды өте жақсы өткіздік, бірақ екінші таймда жігіттердің шаршағаны, қарсылас қақпашысының тамаша ойыны және төрешінің даулы шешімі бізге қиындық туғызды.
Команданы жұмысы, күш-жігері және жақсы нәтижеге деген ұмтылысы үшін құттықтағым келеді», - деп түйіндеді сөзін испаниялық маман.