ҚКФЛ қысқы кубогының алғашқы финалисі анықталды

ҚКФЛ қысқы кубогының алғашқы финалисі анықталды

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ҚКФЛ қысқы кубогының бірінші жартылай финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Алаңда шымкенттік «Ордабасы» мен семейлік «Елімай» кездесті. Кездесу 4:0 есебімен шымкенттік команданың пайдасына аяқталды. «Ордабасы» сапында Сергей Малый, Асхат Тағыберген, Владислав Васильев және Всеволод Садовский голдың авторы атанды.

Осылайша, «Ордабасы» турнирдің алғашқы финалисті атанды. Бүгін сағат 20:00-де «Тобыл» мен «Ақтөбе» комаедалары арасында екінші жартылай финалдық матч өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или