ӘЧ-2015. Алты боксшымыз ширек финалға шықты

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан Әлем чемпионатының төртінші күнінде төрт қазақстандық боксшы шаршы алаң төріне көтерілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғаш шаршы алаңға 52 келідегі Олжас Сәттібаев шықты. Ол 18 жастағы болгариялық боксшы Даниель Асеновті еш қиыншылықсыз ұтты. Олжас алғашқы жекпе-жекте украиналық Игорь Сапинскийді 2:1 есебімен ұтқан.

Екінші болып Ұлттық құрама капитаны 69 келідегі Данияр Елеусінов шаршы алаңға көтерілді. Данияр Елеусіновте өзінің алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ол – беларусьтік қарсыласы Павел Кастраминді 3:0 есебімен жеңді.

Шаршы алаңға үшінші 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов шықты. Бұл Әділбектің Әлем біріншілігіндегі алғашқы кездесуі еді. 3 раундқа созылған тартысты бәсекеде Ниязымбетов Сириялық қарсыласы Алдын Хоуссоунды 3:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға соңғы болып, аса ауыр салмақтағы Иван Дычко шықты. Бразилиядан келген қарсыласы Рафаель Дуарте Лиманы еш қиындықсыз және артық күш жұмсамай ұтты. Осылайша, бүгін рингке көтерілген боксшыларымыздың барлығы жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына шықты.

«KAZsport» арнасының ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или