Қазақстандық файтер өзбек қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Видео

Қазақстандық файтер өзбек қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Видео

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 55 турнирінде үшінші жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Өзбекстандық файтер Акромжон Досимбоев (1-1) жартылай орта салмақта қазақстандық Тамерлан Жәкеновпен (1-0) кездесті.

Тартысты жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Раундтың аяқталуына он секунд қалғанда Жәкенов Досимбаевты самбишн әдісімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер, UFC-ге басты үміткер Марсель Нурланбекпен (11-0) кездеседі.

Кештің тағы бір басты кездесуінде аса жеңіл салмақта дивизион рейтингінде екінші орында тұрған Сухроббек Атажанов (5-1) қазақстандық Рысбек Байдуллаев (5-2) арасында жекпе-жек өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 55 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или