ММА-ден ірі турнирде жеңіліп көрмеген қазақстандықтар тартысты жекпе-жек өткізді. Видео

ММА-ден ірі турнирде жеңіліп көрмеген қазақстандықтар тартысты жекпе-жек өткізді. Видео

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында басталған OCTAGON 55 турнирінде бастапқы кардтың екінші жекпе-жегі аяқталды, деп жазады Prosports.kz

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте жергілікті файтерлер Рустам Әріпбаев (1-0) мен Азизбек Әділбеков (2-0) кездесіп, үш раундтық жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Кездесуде Рустам Әріпбаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер, UFC-ге басты үміткер Марсель Нурланбекпен (11-0) кездеседі.

Кештің тағы бір басты кездесуінде аса жеңіл салмақта дивизион рейтингінде екінші орында тұрған Сухроббек Атажанов (5-1) қазақстандық Рысбек Байдуллаев (5-2) арасында жекпе-жек өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 55 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или