OCTAGON 55: қазақстандық файтер өзбек қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Видео
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 55 турнирінде бастапқы кардтың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай жеңіл салмақта өзбекстандық Сардор Мадаминов (2-0) пен қазақстандық Адлан Умаров (1-0) кездесті.
Бірінші раундта қазақстандық файтер қарсыласына ауыр соққылар жасап, Мадаминовқа дәрігердің кеңесі қажет болды. Екінші бес минуттықта Адланов қылқындыру әдісін сәтті орындап, жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер, UFC-ге басты үміткер Марсель Нурланбекпен (11-0) кездеседі.
Кештің тағы бір басты кездесуінде аса жеңіл салмақта дивизион рейтингінде екінші орында тұрған Сухроббек Атажанов (5-1) қазақстандық Рысбек Байдуллаев (5-2) арасында жекпе-жек өтеді.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі