Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі жаңа қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі жаңа қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта өтеді.</span>
<span>Қарсыласым таиландтық Кадесара Джадпакди болады, оның кәсіпқой рекорды 7-3-0.</span>
<span>Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек, себебі бірнеше рейтингтік кездесулерден кейін мен беделді әлем чемпионы титулдары үшін күресетін боламын, сондықтан менің міндетім – абсолют әлем чемпионы болу үшін ауыр жұмыс жасап, мықты қарсыластарға дайын болу!», — деп жазды боксшы Инстаграм желісіндегі парақшасында.</span>
<span>Еске сала кетейік, Лукас кейінгі жекпе-жегін биыл 31 қаңтарда Бакудегі бокс кешінде өткізген. Оның қарсыласы 24 жастағы пәкістандық Рома Юсуфқа болды. Лукас жекпе-жектің бірінші раундында нокаутпен жеңіске жетіп, WIBA чемпионы атанған еді.</span>