«Елімай» Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысымен келісімшарт жасасты

«Елімай» Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысымен келісімшарт жасасты

Семейлік «Елімай» қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомкомен келісімшарт жасасқанын ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«33-жасар қорғаушы Екібастұз футболының түлегі. Ол мансабын туған қаласының «Батыр» және «Екібастұз» клубтарында бастады. Сондай-ақ, «Ертіс», «Астана», волгоградтық «Ротор» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті. Ойыншы еурокубоктерде 68 ойында 8 гол және 8 нәтижелі пас берді. Дмитрий Қазақстанның 6-дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогінің иегері және 5-дүркін Суперкубок жеңімпазы. Тәжірибелі қорғаушы ұлттық құрама сапында 48 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды», - делінген клуб хабарламасында.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или