Константин Цзю боксқа келуіне себепкер болған қазақстандық боксшының есімін айтты

Константин Цзю боксқа келуіне себепкер болған қазақстандық боксшының есімін айтты

Ресейлік атақты спортшы Константин Цзю боксқа келуіне себепкер болған қазақты атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Константиннің анасы қазақстандық боксшы Серік Қонақбаевтың жекпе-жектерін теледидардан көріп, ұлын боксқа беруді шешкен екен.

«Ата-анамның мені боксқа беруіне себеп болған адамды атайын. Ол – Серік Қонақбаев. Серік –біздің қазақстандық боксшы. Анам сол кісіге қарап, менің былғары қолғап шебері болғанымды қалады», – деді Константин Цзю.

Серік Қонақбаев – КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері, Мәскеуде өткен 22-Олимпиада ойындарының күміс медаль иегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы.

Ол 1981 жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақты иеленген. Ал Костя Цзю – әйгілі ресейлік және аустралиялық боксшы, әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы (WBC/WBA/IBF нұсқалары бойынша), бокстан беделді чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1991).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или