Париж Олимпиадасына 90-ға жуық жолдама алу көзделіп отыр
Биылғы жылдың басты додасы Париж Олипиадасына Қазақстан құрамасы 90-ға жуық лицензия жеңіп алуды көздеп отыр.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісінде Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штабтың басшысы Елсияр Қанағатов мәлім етті.
«Қазіргі таңда Олимпиада ойындарының жолдамаларына таласатын 160-тан астам спортшы іріктеліп, қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Маусым айының соңына дейін 70-ке жуық халықаралық іріктеу турнирлеріне қатысып, 90-ға жуық лицензияға қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Қанағатов.