Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің кестесі жарияланды

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің кестесі жарияланды

Астана қаласында 10-13 наурыз аралығында КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Енбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен (U20) дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.

Дәстүрлі жарыстың бағдарламасы:

10 наурыз.
16.00-17.00 - төрешілер отырысы.
18.00-18.30 - бүкіл салмақ дәрежелерінде жеребе.

11 наурыз.
11.30 - 14.30- 55, 63, 72, 82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде алдын ала  белдесулер;
17.30-18.00 - жарыстың салтанатты ашылуы;
18.00-19.30 - 55,63,72,82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде жартылай финал.

12 наурыз
11.30 - 14.30- 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде алдын-ала белдесулер.
16.45 -18.00 - 60, 67,77,87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жартылай финал.
18.00-19.30 - 55, 63, 72, 82 және 130 келі салмақ дәрежелерінде ақтық белдесүлер және марапаттау.

13 наурыз
11.30 - 12.30 - 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жұбаныш белдесулер;
13.00-14.30 - 60, 67,77,87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде ақтық белдесулер және марапаттау.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Күрес түрлерінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или