Қазақстандық Олимпиада чемпионы кәсіпқой рингке оралу туралы сұраққа жауап берді
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Prosports.kz тілшісіне бұрын сот ісін тоқтатып, ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдаған менеджерлерден жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алған-алмағаны туралы жауап берді.
– Жоқ, әлі ұсыныс болған жоқ. Күтіп жүрмін, - деді Олимпиада чемпионы.
Еске салайық, 2024 жылдың басында Данияр Елеусінов пен оның Boxing Stars Llc компаниясынан ресми кәсіпқой өкілі Зия Әлиев АҚШ-та ұзаққа созылған сот тыңдауларынан кейін келісім-шарт бойынша бірлесіп жұмыс істейтіндерін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингке екі жылдан астам уақыт шықпай, соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-4, 4 КО) жеңген болатын.