Лемьенің бапкері: «Абель Санчестің не айтқанында шаруам жоқ»

Лемьенің бапкері: «Абель Санчестің не айтқанында шаруам жоқ»

Канадалық боксшы Давида Лемьенің бапкері Марк Рэмси BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтқан сөздеріне жауап қатты.

«Абель Санчестің не айтқанында шаруам жоқ. Өйткені, шаршы алаңда Абель Санчес пен Марк Рэмси емес, Геннадий Головкин мен Давид Лемье кездескелі жатыр. Мейлі, ол Головкиннің IQ қабілеті жоғары десін, алайда, жекпе-жектен кейін бәріңіздің де пікірлеріңіздің өзгеретініне сенімдімін», - дейді Рэмси.

Айта кету керек, Абель Санчес ақпарат құралдарына берген соңғы сұхбатында Головкин алғаш рет өте мықты боксшымен кездескелі жатқанын айтқан болатын.

«Геннадий кәсіпқой карьерасында алғаш рет өзіне лайық қарсылас тапқанына қуанып отыр. Давид Лемье Головкинге 12 раундтық жекпе-жектің соңына дейін қарсылық көрсете алатын боксшы», - дейді А.Санчес.

Естеріңізге саламыз, Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жек 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренада өтеді. АҚШ-та бұл кездесу ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетіледі. Ал қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или