Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өтіп жатқан ITF турнирінің финалына өтті.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 758-ракеткасы, доминикандық Питер Бертранмен кортқа шықты.
Попконың осыған дейінгі екі ойыны үш сағаттан астам уақытқа созылса, бұл жолы онша қиынға түскен жоқ.
Дмитрий бір сағаттан астам уақытта қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или