АҚШ рэперлері Головкин жайлы жаңа ән жазды

Америкалық рэперлер Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жайлы тағы бір өлең жазды.

Бұл – рэперлердің отандасымыз жайлы шығарып отырған үшінші туындысы. Естеріңізде болса, өткен жылдың қарашасында олар «Mexican Style – Мексикалық стиль» және биыл ақпанда «Good Boy Killa» бейнебаяндарын жазған болатын.

Ал қазақстандық әншілерден Марина Бейсеханова «Реальный 3G» және белгілі актер әрі музыкант Әнуар Нұрпейісов «Гена GGG» бейнебаяндарын түсірді.

Естеріңізге саламыз, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада канадалық боксшы Давид Лемьеге (34-2, 31 КО) қарсы өткізеді. Айта кету керек, екі боксшы да ақылы трансляциялар жүйесінде (PPV) алғаш рет сынға түскелі жатыр. Қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или