Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар өз алаңында Дания командасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қос құрама бұған дейін кездеспеген.

Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйек күндері өтеді. Қазақстан командасы ұтқан жағдайда 2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі.

Биыл Юрий Щукиннің шәкірттері 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға есе жіберген еді - 2:3.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или