Қазақстандық жартылай қорғаушы шетелдік клубқа ауысуға жақын

Қазақстандық жартылай қорғаушы шетелдік клубқа ауысуға жақын

«Ақсудың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Дамир Марат беларусьтік «Гомельдің» жаттығуына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

23 жастағы футболшы бұған дейін украиналық «ЛНЗ» жаттығуына қатысып, жолдастық ойындардың бірінде гол соққан.

«Гомель» Беларусь жоғарғы лигасында ойнайды. Өткен маусымда алтыншы орын алды. Клуб 2003 жылы ел чемпионы атанған, Беларусь кубогы (үш рет) мен Суперкубогын иеленді. 

Дамир Марат карьерасын «Рузаевкада» бастап, «Алтайға» ауысқан. Карьерасында «Екібастұз» және «Ақсу» клубтары да болды. Қазақстан жастар құрамасы сапында бір матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или