Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов (15-9) жанкүйерлеріне келесі жекпе-жегінің күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жако америкалық Кливленд Маклинмен (17-11) Naiza FC 57 турнирінде кездеседі.

Жекпе-жек 24 ақпанда Алматы Аренада өтеді. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы іс-шараның постерін жариялап, «Жақында...» деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Naiza FC 55 турнирінде Жалғас жапондық Масато Накамураны (9-8) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Қазақ спортшысы үшін бұл UFC-мен келісім-шартты бұзғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или