Бейбіт Ыстыбаев «Еуразия барысының» қосалқы құрамында қалды

Бейбіт Ыстыбаев «Еуразия барысының» қосалқы құрамында қалды

Қазанның 9-шы жұлдызында Таразда қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі бастау алады. Үшінші рет өткелі отырған дода бұл Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Турнир «Тараз-Арена» спорт сарайында сағат 11:00-де басталады. Аталмыш  сайысқа 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтпек. Бұл жолғы додада Грузия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының балуандары командалық құрамда белдеседі.

2013 жылғы «Еуразия барысында» қазақ балуандары финалда моңғолдарды жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Ал өткен жылы  Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген додада моңғол балуандары финалда Қазақстан құрамасын жеңіп, бір жыл бұрын кеткен есесін қайтарды. Биыл да «Еуразия барысының» басты фавориттері ретінде моңғолдар мен қазақтар саналып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или