русский язык
Қысқы

Биатлоннан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

7-18 ақпан аралығында Чехияның Нове-Место қаласында әлем елдерінің ең үздік биатлоншылары қысқы әлем чемпионатында бақ сынау үшін бас қосады.

Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған біріншілік аясында 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов и Александр Мухин өнер көрсетеді.

Жарыс кестесі:

7 ақпан, сәрсенбі

Аралас эстафета

9 ақпан, жұма

Спринт, әйелдер

10 ақпан, жұма

Спринт, ерлер

11 ақпан, жексенбі

Із кесу, әйелдер

Із кесу, ерлер

13 ақпан, сейсенбі

Жеке жарыс, әйелдер

Жеке жарыс, ерлер

15 ақпан, бейсенбі

Сингл-микст

17 ақпан, сенбі

Эстафета, әйелдер

Эстафета, ерлер

18 ақпан, жексенбі

Масс-старт, әйелдер

Масс-старт, ерлер

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық биатлон жанкүйерлері әлем чемпионатын тікелей эфирден «Qazsport» арнасынан тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;