Басқа

Канвон Олимпиадасының жүлдегерлері қанша сыйақы алады

Канвон Олимпиадасының жүлдегерлері қанша сыйақы алады
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы беріледі. 

Бұл туралы KAZINFORM тілшісіне Канвон-2024 миссиясының жетекшісі, Қазақстан ҰОК спорт департаментінің басшысы Елсияр Қанағатов айтып берді.

«Елімізде кез келген әлемдік додаларда топ жарған спортшыларға нақтылы белгіленген қаржылай сыйақы бар. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де мемлекеттік сыйақыдан құр қалмайды», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар жүлделі орындарға қол жеткізген спортшылардың жаттықтырушыларына да сыйақы қарастырылғанын жеткізді.

«Чемпион болған спортшыға 10 мың АҚШ доллары, бапкеріне 5 мың АҚШ доллары, екінші орын алған жүлдегерге 5 мың, бапкеріне 3 мың АҚШ доллары беріледі. Ал үздік үштіктен көрінген спортшыларымыз 3 мың АҚШ долларын иеленсе, бапкеріне 2 мың доллар беріледі», - деп нақтылады ҰОК спорт департаментінің басшысы Елсияр Қанағатов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер