Бокс

Ангелина Лукастың титулды жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Ангелина Лукастың титулды жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

31 қаңтарда қазақстандық боксшы Ангелина Лукас аса жеңіл салмақта әлем чемпионы титулы үшін пәкістандық спортшы Рома Юсафпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтеді. Боксшылар WIBA әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Еске салайық, Лукас кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында Түркияда өткізген еді. Сол кезде Ангелина WBC Silver титулы үшін кездесуде чилилік Даниэла Асенходан төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын. Бұл қазақстандық спортшының карьерасындағы алғашқы жеңілісі болды.

Айта кетейік, Бакудегі бокс кешінде қазақстандық Асхат Жантұрсынов Мугавил Мусаевқа қарсы өнер көрсетеді.

Бокс кешінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер