Геннадий Головкиннің анасы «Жыл патриоты» байқауында жеңіске жетті

Геннадий Головкиннің анасы «Жыл патриоты» байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина «Жыл патриоты» атанды.

Астанада өткен патриоттардың республикалық форумында «Жыл патриоты» жыл сайынғы байқауында жеңіске жеткендер марапатталды. Сыйлықтар жеті аталым бойынша табыс етілді.

Соның бірі «Ана жүрегі» аталымында қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина жеңді.

Айта кетейік, Патриоттардың республикалық форумына елдің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан аса делегат жиналды. Форум 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған өз ісінің үздік мамандары қатысады: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, шаруалар, табысты кәсіпкерлер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или