Алматыдағы ерлікті боксшыларымыз қайталай алады ма

«PROСПОРТ» тілшісі қазанның 5-і, Қатардың Доха қаласында басталатын бокстан әлем чемпионатындағы жерлестеріміздің мүмкіндіктерін болжап көрді.

Осыдан бірнеше апта бұрын белгілі болғандай Қатардағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан сегіз боксшы ғана өнер көрсетеді. Өкінішке қарай 49 келі мен 64 келі салмақ дәрежесінде боксшыларымыз әлем біріншілігіне қатыспайтын болды. Себебі 49-келіде әлем чемпионы атанған Біржан Жақыпов APB турнирінде қатысқаны үшін әлем чемпионатына бармайды. Сондай-ақ, оның РИО-дағы Олимпиада ойындарына жолдамасы бар. Тағы бір чемпионымыз Мерей Ақшаловтың спорттан кетуіне байланысты босаңсып қалған 64-келіде тұрақты боксшы жоқ. Бұл салмақта өнер көрсетіп жүрген Самат Башенов өткен Азия чемпионатының бірінші кезеңінде-ақ сүрінген болатын. Демек Қатарда аталмыш салмақта қазақ боксшысы болмайды.

Соған қарамастан Қатарда кем дегенде 2-3 алтын алатын мүмкіндігіміз жоғары. Қазіргі таңда, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен Данияр Елеусінов өздерінің алғашқы жекпе-жектеріне тығыз дайындалуда. Данияр өткен Азия ойындарында топ жарса, Жәнібек тартысты кездесуде өзбекстандық қарсыласынан жеңілген болатын. Ендеше Дохада Жәнібектің есесін қайтаратын жақсы мүмкіндігі бар. Қалған салмақтарда фавориттер қатарында Василий Левит, Иван Дычко, Әділбек Ниязымбетов пен Қайрат Ералиев сынды боксшыларымыз бар. Өткен Азия чемпионатында өздерін мықты қырынан көрсеткен Олжас Сәттібаев пен Зәкір Сафиуллин де әлемді таң қалдыруға дайын. Жалпы Қатардағы әлем чемпионатына Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамадағы ең мықтыларын таңдады десе де болады.

Ең басты сұрақтардың бірі – Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғай алады ма? Қорғауы әбден мүмкін. Оның басты қарсыласы сол жастар арасындағы әлем чемпионы өзбекстандық Бектемір Меликузиев болмақ. Өзбекстан елінің басты үміті Меликузиев өткен Азия ойындарында Жәнібекті жарыс жолынан шығарған болатын. Есесіне Өзбекстан әлем чемпионатына тоғыз боксшымен аттанды. Демек Дохада да Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дерби жалғаспақ. Бұл тізімге кубалық былғары қолғап шеберлерін қоссақ, Қатардағы әлем чемпионаты өте қызық болатынын аңғаруға болады. 84-келіде жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов негізгі қарсыласы кубалық Хулио Сезар ла Крузбен финалда кездеседі деген үміттеміз. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек өте тартысты болмақ. Сондай-ақ, аса ауыр салмақта Иван Дычко әзірбайжандық Меджидовтен есесін қайтара алады ма? Алматыдағы Иванның ауыр нокауты әлі есімізде... Бұған қоса капитанымыз Дәурен Елеусінов өзінің жеңісті жолын жалғастырмақ. Таиландта біраз қиналған Дәурен бұл жолы өз жекпе-жектерін сенімді өткізеді деген ойдамыз. 91-келіде Василий Левитт өзінің мықтылығын барша әлемге дәлелдемек. Васяның бұл мақсатына жетуіне тілектеспіз! Әйтсе де бұл салмақта азулы боксшылар жеткілікті: Клименте Руссо, Евгений Тищенко және т.б. Жеңіл салмақтарда Зәкір Сафиуллин, Олжас Сәттібаев пен Қайрат Ералиев әлем чемпионатының «алтынына» қол жеткізеді деген сенімдеміз! Жалпы, Қазақстан құрамасы Дохадағы әлем чемпионатына сақадай сай дайын. Ендеше жігіттерге тек сәттілік!

Келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына барлық жолдаманы алуына тілектеспіз!

Естеріңізге сала кетсек, Қатардағы бокстан әлем чемпионаты ресми түрде қазанның 5-і басталады. Дохадағы жекпе-жектерді «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Әлем чемпионатына аттанған Қазақстан құрамасы:

52 келі - Олжас Сәттібаев

56 келі - Қайрат Ералиев

60 келі - Зәкір Сафиуллин

69 келі - Данияр Елеусінов

75 келі - Жәнібек Әлімханұлы

81 келі - Әділбек Ниязымбетов

91 келі - Василий Левит

+91 келі - Иван Дычко

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или