ТОП-5. Өткен аптаның маңызды оқиғалары

ТОП-5. Өткен аптаның маңызды оқиғалары

Өткен аптада қазақ спортында елеулі орын алып, тарих қойнауына кеткен бірнеше маңызды оқиғалар болды. «PROСПОРТ» тілшісі өткен аптада еліміз үшін маңызды болған үздік бес оқиғаны таңдап алды.

5-орын

Өткен сәрсенбіде жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында қазақстандық және түркиялық дуэль өтті – «Астана» өз алаңында «Галатасараймен» ойнаса, «Ақтөбе» іріктеу кезеңінде «Бешикташты» қабылдады.  Алғашқы турда 0:8 есебімен жеңіліп, рекорд орнатқан елордалықтар бұл жолы да ірі есеппен есе жіберді. Бақытымызға орай, бар болғаны – 0:3. Чалышкан,  Ешилюрт және Давас соққан голдарға «Астананың» жас футболшылары жауап қайтара алмады.

Ақтөбелік жас футболшылардың да жағдайы мәз емес. Халықаралық матчқа алғаш рет қатысқан «Ақтөбенің» жастары іріктеу кезеңінің  бірінші матчында «Фенербахчеге» 0:2 есебімен жол берді. Фатих Аксой мен Деврим Таскай қонақтарға жеңіс сыйлады. 1997 жылы туған футболшылар арасындағы Қазақстан чемпиондары түркиялық қарсыластарымен кездесуде тең дәрежелі ойын көрсеткенімен, қонақтардың шеберлігі айқын көрініп тұрды.

4-орын

Өткен сенбі мен жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының 28-тур ойындары өтті. Екінші алтылықта «Тараз» «Жетісуды», «Оқжетпес» «Қайсарды» қапы қалдырды. Ал «Тобыл» қарағандылық «Шахтерге» барып, кезекті үш ұпайын еншіледі. Осылайша «Жетісу», «Шахтер» және «Қайсар» үштігі Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Алғашқы алтылықта да бәсеке қыза түсуде. «Қайрат» қонақта «Ертісті» ұтса, «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбені» қапы қалдырды. Ел чемпионы «Астана» Атырауды «мұнайшылардан» айласын асырды. Бұл турдан кейін чемпиондықтың мәселесі шешілуге тым жақын тұр. Алматылықтар чемпионаттың аяқталуына 4 ойын қалғанда екінші орындағы «Астанадан» жеті ұпайға озып кетті. Бірінші алтылықта чемпиондықпен қатар, еурокубоктық аймаққа да талас өтуде. Алты команданың да мүмкіндіктері сақтаулы болғандықтан, соңғы турлар қызықты өтетіні анық.

3-орын

Жексенбіде «Алматы туры» біркүндігі мәресіне жетті. Айтулы дода қазақстандық велошабандоздың жеңісімен аяқталды. «Астана», «Катюша» секілді беделді клубтар бақ сынаған жарыста спортшылар Алматы көшелері бойынша 186 шақырымды басып өтті. Нәтижесінде мәреге 23 км қалғанда «Астананың» шабандозы Алексей Луценко оқ бойы оза шауып, жеңісті қанжығасына майлады. Пилотонда қалған «Вуэльта» жеңімпазы Фабио Ару екінші орынды еншіледі. Ал үшінші болып мәре сызығын «Катюша» спортшысы Павел Кочетков кесті.

2-орын

Тізіміміздің екінші орнын өткен аптада еліміздің спорт қауымдастығын дүр сілкіндірген жаңалыққа беріп отырмыз. Бірнеше жылдан бері «Қайрат» футзал клубына қарсылық көрсетіп, сапында ұлттық құрамамыздың бірнеше ойыншысы бар қарағандылық «Тұлпар» командасы өмір сүруін тоқтатпақ. Қазақстан чемпионатының жеті дүркін күміс жүлдегері алдағы маусымда Қазақстанның намысын УЕФА Кубогында қорғайтын еді. Бірақ клуб президенті Анатолий Смотрицкийдің айтуынша, облыс бюджетінен қаржы берілмейтіндіктен қарағандылық команда жабылмақ. Артынша, еліміздегі спорт жұлдыздары мен шенеуніктері Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке команданы құтқарып қалуын сұрап, ашық хат жолдаған. «Тұлпардың» алдағы тағдыры әлі белгісіз.

1-орын

Рейтингімізді көңілді нотада аяқтағанымыз жөн болар. Өткен сәрсенбіде Қазақстанда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матч ойналды. Ел чемпионы «Астана» түркиялық «Галатасарайды» қабылдады. Бірінші турда жолы болмаған қос клуб «Астана Аренадағы» драмаға толы матчта тең тарқасты. Матчтың есебін 31-минутта Билал Киса ашты, түркиялық футболшының соққысы жойқын шыққан болатын. Бұл голға астаналықтар 77-минутта ғана жауап қайтара алды. «Астананың» Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы әрі тарихи голын Хакан Балта салды. Жуниор Кабананга қарсыластың қорғанысындағы қателікті пайдаланып, қақпа төңірегіне қарай пас асырған, бұл пасқа бірінші жеткен Балта абайсызда допты өз қақпасына теуіп жіберді. Мұндай сыйлыққа «Астана» өз автоголымен жауап қатты. 86-минутта Ненад Эрич Синан Гюмюстің соққысынан кейін допқа ие бола алмай, өз қақпасына салып алды. Соңғы минуттар сергелдеңі бұл матчта да қайталанды дей бергенімізде, «Астана» 89-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Айып алаңына әуелеген допты Фернандо Муслера сәтсіз қайтарып, Рохер Каньяс бос қақпаны дәл нысаналады. Айта кетейік, доп қақпаға «Галатасарай» қорғаушысы Лионель Карольдің аяғына тиіп кіріп кетті. «Астананың» өз алаңындағы алғашқы матчы осылай бітті, қоржында бір ұпай бар. Бұл ойында елордалықтар Еуропа лигасына жолдама берер 3-орын үшін соңына дейін күресетінін анық көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или